FORGOT YOUR DETAILS?

ENG QAZ RUS

Алматы, Самал-2
пр. Аль-Фараби, 54

+7 778 993-91-52
+7 701 509-19-23
info@artedicasa.kz

ARTE DI CASA ҰСЫНАТЫН
ЖОҒАРЫ ИНТЕРЬЕР ӨНЕРІ

2006 жылы негізі қаланған «Arte Di Casa» интерьер үйі нәзік талғамымен ерекшеленетін және бұйымдардың шынайы құндылығын түсінетін клиенттер үшін люкс және премиум санаттағы қайталанбас интерьер бұйымдарын ұсынады.

Arte Di Casa Орталық Азиядағы жетекші еуропалық және американдық жиһаз фабрикалары мен брендтердің ресми дилері және өкілі. Әлемнің әрбір бөлігінен 300-ден астам танымал өндірушілер өз өнімдерін, маталардың, түсқағаздардың, еден жабындарының және әр түрлі стильдегі интерьерді безендіруге арналған жапсырма үлгілерін біздің интерьер үйімізде ұсынады. Компания тоқыма және түсқағаз жинақтарына ерекше көңіл бөледі: олардың 5000-нан астам нұсқасы көрсетілген.

Arte Di Casa ұсынатын барлық жиһаз бен безендіру бұйымдарын орындалудың жоғары сапалы стандарттары, ең үздік материалдардың қолданысы мен ұстамды стиль ерекшелейді, осылайша олар Сіздің отбасыңыздың әулеттік тарихына оңай айнала алады.

2011 жылы компания Нұр-Сұлтан қаласында шоурум ашты. Бұл жерде, Алматыдағыдай, ең таңдаулы талғамдарға әрдайым әр түрлі интерьер бұйымдарының кең таңдауы бар.

Алматыда табысты жұмыс атқарған жылдарда интерьер Үйі халықаралық деңгейге шықты және жобаларды тек Қазақстан мен ТМД аумағында ғана емес, бүкіл әлем бойынша да орындайды.

Біздің клиенттердің ыңғайлығы үшін арнайы интерьер бұйымдарын, безендіру мен сыйлықтарды бүкіл әлем бойынша жеткізу, сондай-ақ wish-лист қызметін енгіздік.

Бөлек бағыт – бұл Arte Di Casa дизайн студиясы. Қазақстандағы және шетелдегі жеке және коммерциялық нысандарды толық жинақтау мен іске асырумен қатар, Arte Di Casa сәулет жене декорациялық жобалау қызметтерін ұсынады. Біздің көп жылдық тәжірибеге ие мамандар тобымыз (менеджерлер, инженерлер, сәулетшілер, дизайнерлер) Тапсырыс берушінің қалауымен бүкіл үрдісті толығымен басқарады. Мемлекеттік корпорация нысандарын іске асыруға қатысу тәжірибесінің арқасында біз ең жоғары жұмыс стандарттарын игердік, ол жобаны іске асырудағы барлық кезеңдерді жылдам әрі сапалы өтуге мүмкіндік береді.

ARTE DI CASA ӘЙГІЛІ БРЕНДТЕРДІҢ ДИЗАЙНЕРЛІК ЖИҺАЗЫ МЕН АКСЕССУАРЛАРЫН ҰСЫНАТЫН БІРЕГЕЙ САЛОН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУДИТОРИЯ ҮШІН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ИНТЕРЬЕР БҰЙЫМДАРЫ МЕН ДИЗАЙНДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТТІ.

«Arte di Casa» Интерьер Үйі жұмысының негізгі ұстанымдары:

• Жоғары сапа
• Жеке тіл табу
• Дизайн және сәулет саласындағы заманауи беталыстарды ұстану
• Икемді баға саясаты
• Ең талғампаз клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыру

Осы ұстанымдардың қатаң сақталуы, дамудың ойластырылған стратегиясы, қойылған мақсаттардың батыл орындалуы «Arte di Casa» интерьер Үйіне елдегі жиһаз нарығында мықты жайғасымға ие болуға мүмкіндік берді.

Сатып алушылар мен серіктестер өз бизнесін сеніп тапсыратын сенімді және тұрақты серіктес, қарқынды дамушы компания, көшбасшылардың бірі.

«Біз сіз ұзақ жылдар бойы сақтайтын өнерді қалыптастырамыз».

partners_logo_4
partners_logo_7
partners_logo_2
partners_logo_1
partners_logo_3

БІЗДІҢ ТОП — ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ ҚҰПИЯСЫ

Arte Di Casa командасы — біздің клиенттеріміз үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізудің ортақ көзқарасына және олар үшін ең үздік болуға көмектесетін құмарлыққа ие ұйымшыл, талантты топ.

КОМАНДАМЫЗДЫҢ ӘРБІР МҮШЕСІ — ӨЗ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ЖӘНЕ САРАПШЫ.

Әрбір қызметкер кәсіпқой маман болатын жағдайда ғана, компания кәсіби деңгейін көрсете алатынына сенеміз.

Біздің барлық қызметкерлер — біздің компанияның этикалық кодексін сақтайтын бірегей тұлғалар.

Біздің команда сапа мен бағаны мінсіз үлестіре отырып, қысқа мерзімде клиент қалайтын нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Осы жылдар ішінде Қазақстан және одан тыс жерлерде күрделілігі мен көлемі әр түрлі деңгейдегі 125 жоба іске асырылды.

Біз клиенттерімізге әлемнің кез келген бұрышында сұлулық пен жайлылықты табуға көмектескіміз келеді және дайынбыз. Біздің көп жылдық тәжірибеге ие мамандар тобымыз (менеджерлер, инженерлер, сәулетшілер, дизайнерлер) бүкіл үрдісті, идеядан бастап оның іске асырылуына дейін, толығымен басқарады.

КӘСІПҚОЙЛЫҚ, КЛИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ТАҢДАУЛЫ ЖӘНЕ ТАЛҒАМПАЗ ДИЗАЙН — БІЗДІҢ ЖҰМЫСТАРЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛҒАН ҰСТАНЫМДАР.

Өзара сыйластық негізінде жұмыс істей отырып, біз компания үшін ымырасыз қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Бүкіл команданың бірлігі жоғары нәтижеге жетуді көздеуге, күн сайын жақсаруға және компанияның ішінде де, сыртқы ортада да сау серіктестік орнатуға көмектеседі.

Біз құрған команданы мақтан тұтамыз. Біздің компания барлық қызметкерлер жұмыс барысында өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдайды жасайды.

КОМАНДАНЫҢ ӘРБІР МҮШЕСІНІҢ БАҚЫТЫ — БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ.

Өз ұстанымдарымызды қатаң сақтау, дамудың ойластырылған стратегиясы, қойылған мақсаттардың батыл орындалуы жиһаз нарығында мықты жайғасымға ие болуға және Қазақстан Республикасындағы неғұрлым нәтижелі және қаржылық жағынан тұрақты компаниялар тізіміне кіруге мүмкіндік берді.

Біздің жетістіктерімізді растайтын марапаттарды мақтан тұтамыз.

САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2019

«Сала көшбасшысы» құрметті атағымен қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау нәтижелері бойынша үздік салалық рейтингке енген компаниялар марапатталады.

«САПА ЖҰЛДЫЗЫ» МАРАПАТЫ

Қазақстан Республикасының саласы мен экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан көшбасшы компанияларға беріледі.

СЕРIКТЕСТЕР